366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында алғаш рет егілген жасыл жасымық экспортқа шығады

  • 98
  • UPD: 13:19, 25.09.2018
Қарағанды облысында алғаш рет егілген жасыл жасымық экспортқа шығады

Қарағанды облысының диқандары биыл бірінші рет жасыл жасымық екті, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Түсім жаман емес, әр гектарынан 22 центнерден жинап жатыр. Бұл өнімнің барлығы сыртқа сатылады. «Себебі Таяу Шығыс елдерінен сұраныс өте жоғары», – дейді шаруалар. Айта кету керек, қазір Қазақстан жасымық экспорттайтын елдердің әлемдегі бестігіне енуге бет алған. Ол үшін мемлекет тарапынан барынша қолдау жасалмақ. Жалпы ғалымдардың сөзінше, жасымық адам ағзасына өте пайдалы, құрамы түрлі дәрумендерге бай. Сондықтан оны көбейтуге диқандар да мүдделі. Биыл Қарағанды облысының шаруалары майлы және бұршақ тұқымдас дақылдар алқабын үш есеге ұлғайтқан. 

Николай Витковский, шаруа қожалығының агрономы:

– Біздің климатқа келетін тұқымды таңдап алдық. Оны Ресейден жеткіздік. Нәтижесі жаман емес. Енді мол өнімді ысырапсыз жинап алу керек. Келесі жылы майлы дақылдар алқабын екі есеге ұлғайтамыз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы