360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жүгері ору науқаны жүріп жатыр

  • 170
  • UPD: 08:14, 26.09.2018

Еліміздегі мал шаруашылығын дамыту үшін алдымен мал азығына қажет дақылдар егетін алқаптарды арттыру керек, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Бұл мәселеде негізгі басымдық-майбұршақ, жоңышқа мен бидайға берілуі тиіс. Алматы облысы, Қарасай ауданында өткен сабан тойда қазақтың өсімдік және егіншілік институтының ғалымдары осылай деді.

Аталған институт негізінде агропарк жұмыс істейді. Оның тәжірибелік егін тнабында дәнді дақылдардың жаңа түрлері мен будандары өсіріліп, шаруа қожалықтарына ұсынылады. Агропарк алқабында қазір жүгері ору науқаны жүріп жатыр. Заманауи комбайн өнімді ысырап қылмай жинайды. Жалпы елімізде егілетін жүгері көлемі – 140 мың гектар. Алдағы 3 жылда оның көлемін 40 мың гектарға арттыру көзделіп отыр. Жүгеріні көп жылдан бері зерттеп келе жатқан білікті агроном, ауыл шарушылығы ғылымдарының докторы Айман Омарова бұл дақылдың 17 буданын шығаруға тікелей атсалысқан ғалым. Жүгері дәруменге бай дақыл.

Айман Омарова, Қазақтың өсімдік және егін шаруашылығы ҒЗИ бөлім басшысы:

– Жүгерінің бұл буданы – ЛГ-30525 Лимагрент. Франция мемлекетінен. Бұл жүгері Қаскелеңнен экологиялық сорт ретінде сынақтан өтіп жатыр. Өнімді 150-180 центнерден беру керек.

Жүгерімен қатар қант соргасы да негізінен мал азығы саналады. Табиғи қасиеті жоғары. Түрлі зиянкестерге төтеп бере алатын берік, әрі төзімді өсімдік. Сабан тойда оның артықшылықтары таныстырылды. Тіпті 1 гектар алқаптан түсетін пайдасы мен экономикалық шығыны да айтылды. 

Алмас Садуақас, тілші:

– «Сорга – асыл тұқымды дақыл. Қазақша оны шай жүгері немесе құмай деп атайды. Сабағы кәдімгі жүгері тектес. Бірақ техникалық айырмашылығы бар. Шай жүгері егілген алқапты бір маусымда 3-4 рет шауып, әр гектарынан мың центнерге дейін өнім жинауға болады. Сабағындағы шырын сөлінде 20 пайыз қант болады. Ол ыстық пен суыққа, топырақтың тұздалуына аса төзімді келеді.

Агропарк – ғылым мен кәсіпкерлер арасында алтын көпір болумен қатар, шаруа қожалықтарының ортақ мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді. Қазіргі міндет – дәнді әрі техникалық дақылдардың бәсекеге қабілетті түрлерін шығарып, тәжірибеге енгізу.

Аймақтағы агросекторды серпінді дамыту мақсатында соңғы үш жылда өсімдік және егіншілік институтымен нақты елу жоба өндіріске енгізіліпті. Ендігі меже – екі жыл көлемінде дәрілік шөптер мен гүлдерді егу технологиясын қолға алу.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы