366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мұнай өндірісін арттырады

  • 134
Қазақстан мұнай өндірісін арттырады MIGnews

Алматыда «Мұнай және газ» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Жиында саланың дамуы талқыланып, жаңа технологиялар таныстырылады. Энергетика министрлігі келтірген дерек бойынша, еліміздің жалпы ішкі өнімінің 19 пайызын осы мұнай және газ секторы құрайды екен. Айта кетейік, былтыр Қазақстанда 86 миллион тонна қара алтын өндірілген. Ал 2018 жылдың 7 айындағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 6 пайызға өскен. Сала мамандарының айтуынша, 2025 жылға қарай елімізде мұнай өндірісі жылына 104 миллион тоннаға жететін көрінеді. Сарапшылар негізінен Қашаған кен орнына үміт артып отыр. Мұнда 2017 жылдың 8 айында 8 миллион тонна мұнай өндірілген. Сондай-ақ алдағы уақытта қара алтынды өңдеу көлемін арттыру да қолға алынбақ. Осы орайда еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын жылына 300 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы