365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

KIOGE 2018: Көрмеге әлемнің 20 елінен 500-ден астам компания қатыспақ

  • 157
  • UPD: 16:45, 26.09.2018

Алматыда жиырма алтыншы KIOGE 2018 халықаралық «Мұнай және газ» көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

«Атакент» көрме және іскерлік орталығында әлемнің жетекші компаниялары жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық зерттеулер ұсынады.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

– Дәстүрлі шараға биыл әлемнің 20 елінен 500-ден астам компания қатысуға ниет білдірген. Дәл қазір өтіп жатқан көрмеде мұнай-газ саласындағы іргелі ізденістер көрініс тапқан. Көрме барысында нарық қатысушылары арасында іскерлік кездесулер, осы салаға қатысты түрлі жобаларды таныстыру, келіссөздер өтетін болады.

Сондай-ақ бірер сағатта еліміздің энергетика министрлігінің басшылары және «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы, «Теңіз шевройл» компаниясы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Онда сарапшылар мұнай саласына инновациялық технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігін ортаға салып, сандық жүйеге көшу тәжірибесін талқылайды. Сонымен қатар жаңа заңнаманың инвесторларға ықпалы пікірталастың өзегіне айналмақ. Ал жиынның екінші күнінде бұрғылаудағы инновациялар, мұнай мен газды тасымалдау мәселелері ортаға салынбақ.

Хабар 24 телеарнасы