360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнай бағасы қайта төмендеді

  • 158
  • UPD: 12:53, 26.09.2018
Мұнай бағасы қайта төмендеді

Әлемдік сарапшылардың болжамдарына қарамастан, бүгін мұнай бағасы кешегі күрт өсуден соң біршама төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Лондон қор биржасындағы таңғы саудада «Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,1 пайызға арзандап, бір баррелі 81 доллар 80 центті құрады. Ал WTI маркалы мұнай бағасы 0,2 пайызға төмендеп, 72 доллар 12 центке түсті. Сарапшылардың айтуынша, қара алтын құнының өзгеруіне америкалық мұнай институтының мәліметтері әсер еткен. Оған сәйкес, АҚШ-тың мұнай қоймаларындағы қара алтын қоры өткен аптада 3 миллиондай баррельге көбейген. Ал сарапшылар оның көлемі тек 1 миллион баррельден асады деп болжаған.

Хабар 24 телеарнасы