360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

KIOGE 2018: Ембімұнайгаз компаниясы 2,8 млн тонна мұнай өндірген

  • 184
  • UPD: 15:20, 01.10.2018

Мұнай саласына қатысты ірі жиын Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қара алтын өндірісінде «Интеллектуалды технологияларды пайдалану мәселесі сөз болды. KIOGE 2018 деп аталған басқосуда сандық жүйенің тиімділігі, оны енгізу барысы, халықаралық тәжірибе мәселелері қаралды.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

– Халықаралық көрме аясында өтіп жатқан конференция мұнай-газ саласындағы халықаралық әріптестік және салаға жаңа технологияларды енгізу тақырыбымен басталды. Отандық мұнай өндірісінде де ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелер көп. Мәселен, жаңа технологиялардың арқасында 2017 жылы бір ғана Ембімұнайгаз компаниясы 2,8 миллион тонна мұнай өндірген. «Кен орындарындағы сандық жүйе біріншіден, өнімнің көлемін арттырса, екіншіден, өндірістік шығынды айтарлықтай қысқартады», – дейді мамандар. Алқалы жиында сондай-ақ мұнай және газ саласында отандық үлесті арттыруға мән берілді.

Хабар 24 телеарнасы