360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай мәселесі шешілуге жақын

  • 159
  • UPD: 20:09, 26.09.2018
Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай мәселесі шешілуге жақын

Қазақстан мен Ресей арасында мұнайға қатысты мәселелерді шешу үшін мұнай құбырларының құқықтық меншігін анықтау қажет.

Бұл жөнінде бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. Министр мәселе «Ресейдің Башқұртстан аумағынан бастау алатын Түймазы-Омбы-Новосібір-2 және Омбы-Павлодар магистралді мұнай құбырына қатысты», - дейді. Біріншісінің қуаты жылына 11 млн тонна қара алтын тасымалдауға жетеді. Алайда оның 10 млн тоннасын ресейлік «Роснефть» компаниясы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдап келеді. Транзиттік мұнайдың шамамен тең жартысы Павлодарда қалдырылып, жергілікті мұнай өңдеу зауытында өңделеді. Қытайға бағытталған шикізаттың орнын толтыру үшін 5 млн тонна мұнай Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан жеткізіледі. Осылайша, Қазақстан аумағындағы 62 мың тоннадан астам қара алтын ресейлік компанияға тиесілі болып отыр. Ал Омбы-Павлодар құбырының Ресей аумағындағы бөлігінде қазақстандық компанияға тиесілі 141 мың тонна мұнай қалған.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Ресей үкіметімен осы мәселеге қатысты келіссөздер ұзақ жүрді. Алайда өткен жылы өзара ымыраға келіп, екі елдің жергілікті компанияларына тиесілі үлестерін қайтару туралы шешілді. «ТОН2» мұнай құбырының Қазақстан аумағындағы 62 мыңнан астам тоннасы «ҚазТрансОйл» компаниясында қалады, ал Омбы-Павлодар магистралінің Ресей аумағындағы 141 мың тоннадан астам қара алтынның 62 мың тоннасы ресейлік «Транснефть» компаниясына қалдырылады. Қалған бөлігі 10 айдың ішінде Қазақстанға жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы