366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Цеснабанк» қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді

  • 147
  • UPD: 21:16, 26.09.2018
«Цеснабанк» қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді

«Цеснабанктің» депозит бойынша тұтынушылары тұрақтала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салсақ, қыркүйек басталғалы салымшылардың 10%-ға жуығы жинақ шотынан ақшаларын шешіп алған. Бүгін қаржы ұйымындағы бұл жағдайды «Цеснабанк» басшысы Ульф Вокурка түсіндірді. Оның айтуынша, тұтынушылардың ақшаларын жаппай қайтарып алуына еш себеп жоқ. Яғни, дүрліктіру қолдан жасалған.«Бұл – уақытша қиындықтар», деді, банк басшысы.

Айта кеткен жөн, банк қазір ликвидацияны қолдан басқару жүйесіне көшкен. Кей филиалдарда ақшаны қолма-қол алу сияқты жеке операциялардың қолжетімсіздігі осыдан туындаған. «Тақау күндері мекеме қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді», - деп сендірді Ульф Вокурка.

Ульф Вокурка, «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы:

- «Цеснабанк» шағын және орта бизнес иелерімен қатар клиенттердің ойын өзгертетін бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама банктің әрі қарай тұрақты дамуына жағдай жасайтын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк қаржы мекемесінің 450 миллиард теңге көлеміндегі ауылшаруашылық несиесін сатып алған. «Цеснабанк» басшылығының айтуынша, бұл қаржы толық игеріледі. Бұдан бөлек, «Цеснабанктен» проблемалы несиелер қорын сатып алатын аграрлық сектордың 30 ірі қарыз алушысы анықталған. Бұл қосымша 35 миллиард теңге. Банк қызметкерлерінің айтуынша, аталған сома ликвидацияны қажет көлемде қалыпқа келтіріп, клиенттердің барлық сұранысына, еш кедергісіз жауап беруге мүмкіндік береді. Келешекте қаржы институты төмен мөлшермен несие беріп, тариф кестесін қайта қарап, мекеме жұмысын халыққа қолайлы ете түсуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы