365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 440 мыңнан астам адам салық төлемеген

  • 149
  • UPD: 11:54, 27.09.2018
Елімізде 440 мыңнан астам адам салық төлемеген

Мемлекеттік кірістер комитеті келтірген статистикаға сүйенсек, елімізде салық төлемегендердің саны 440 мың адамнан асады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Бірінші қыркүйекке дейінгі мәлімет бойынша, жеке тұлғалардың берешегі 21 миллион 141 мың 798 теңгеге жеткен. Ал өсімпұл 5 жарым миллионды құрайды. Әсіресе Астана мен Алматы тұрғындары салық төлемегендер тізімінде көш бастап тұр.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі 

Берешектер саны: 440 567 адам

Салық : 15 572 427 теңге

Өсімпұл: 5 569 334 теңге

Жалпы қарыз: 21 141 798 теңге.

Хабар 24 телеарнасы