366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым 20 млрд долларға артпақ

  • 109
  • UPD: 19:04, 27.09.2018
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым 20 млрд долларға артпақ Zakon.kz

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мәмин Қытай Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен өткен кездесуінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткіш екі ел арасындағы алыс-беріс қарқынының жоғары екендігін айқындайды.

Бүгін «Нұр-жолы-Қорғас» автокөлік өткізу бекетінің құрылысы аяқталды. Енді екі ел арасындағы тауарайналым көрсеткіші артады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара алыс-беріс 2017 жылы 30%-ға өсім берген екен. Ал серіктестік энергетика, қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік, өндіріс және шекара саласында алға басып отыр.

Бүгінде Қытай Қазақстанның ең басты сауда серіктесінің бірі болып табылады. Оған дәлел – құны 28 миллиард долларды құрайтын ортақ 51 жоба. Бұл жоспар индустрия, көлік және логистика салалары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Ал Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мәмин мен Қытай Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэннің өткен кездесуінен соң тағы 11 ортақ жоба жүзеге асырылатын болды. Оның құны 1,9 миллиардты құрайды.

Хуан Сяовэн, Cosco Shipping компаниясы бас директорының орынбасары:

Біз жылдан жылға Қазақстан арқылы өтетін Еуропа бағытына жүк тасымалын арттырып келеміз. Мысалы өткен жылмен салыстырғанда биыл Қорғас арқылы өткен жүк көлемі 50%-ға көбейді. Өзіміге тиесілі құрғақ портты дамытуды ары қарай да жалғастырамыз.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналымның артуына шекарааралық сауданың қосқан үлесі зор. 2012 жылы қазақ-қытай шекарасында ауқымды «Қорғас» ынтымақтастық халықаралық орталығы іске қосылды. Онда коммерцияға қатысты барлық кезең қамтылған. Тіпті тауарды сақтаудан бастап экспорттауға дейін. Соңғы 6 жылда бұл аймаққа 20 млн адам келіп кеткен. Сауда көлемі 20 млрд юаннан асып жығылады.

Қахарман Джазин, «Қорғас» ШЫХО АҚ президенті:

- Осы жылдан бастап көптеген әлеуеті зор серіктестерді тарттық. Ол тек қазақ немесе қытай тарапынан емес, Еуропадан, Ресейден және өзге де елдердің кәсіпкерлері. Бұл аймақты әрі қарай дамыта түспекпіз.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында «Қорғас» өткізу бекеті арқылы жүзеге асқан тауарайналымның көлемі 17 миллион тоннадан асып жығылады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18,6%-ға өскен. Қазақ-қытай шекарасындағы тасымалдың құны 55 млрд юаньді құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғары. Қазақстандық кәсіпкерлер де бұл сауда аймағынан пайда көруде.

Бұл арқылы өз тауарларын Жібек жолы бойындағы елдерге тасымалдауға бірегей мүмкіндік алып отыр.

Әлия, кәсіпкер:

Қазір біздің Бейжіңде және өзге де қалаларда көтерме бағамен алатын серіктестеріміз жетерлік. Ісіміз алға дөңгелеп жатыр. Қазақстандық тәттінің түр-түрін Жібек Жолы елдеріне тасымалдап жатырмыз. Сұраныс жоғары.

Осылайша, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарайналым жыл санап артып келеді. Енді қазақ-қытай шекарасындағы жоспарланған жобалар жүзеге асса, ел қазынасына қыруар қаржы түсіп, экономикалық өсім болары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы