366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Ақышев: Қазір салымшылар сақ болуы қажет

  • 147
  • UPD: 21:28, 27.09.2018

Қазақстандықтарды теңге бағамының жиі құбылуы мен инфляциялық өзгерістер және бірнеше банктің лицензиясынан айырылуы көбірек алаңдатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай бүгін Ұлттық банк басшылары кезекті баспасөз маслихатын өткізді. Онда бас банкир қаржы нарығында қалыптасқан жағдайды рет-ретімен баяндап берді.

БАҚ үшін кезекті баспасөз мәслихатын жинаған Ұлттық банк басшылығы соңғы айлардағы маңызды жаңалықтарды баяндады. Бас банкир Данияр Ақышевтің айтуынша, қазір салымшылар сақ болуы қажет. Екінші деңгейлі банктердегі жинақтарын бір валютадан екінші валютаға алмастырудан абай болғаны жөн. Жалпы қазақстандық салымшылардың жағдайы жаман емес. «Жыл басынан бері отандастарымыз 175 келі алтын кесектерін сатып ала бастағаны бұған дәлел», - дейді бас банкир.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктер арқылы алтын кесектерді сату көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама аясында халыққа 10, 20, 50 және 100 грамдық алтын кесектері ұсынылған болатын. Бүгінгі күні 175 келіден астам алтын сатылды.

Сарапшылардың айтуынша, валюта нарығында көпті мазалайтын ортақ сауал бір – ол теңгенің болашағы мен долларға қатысты бағамы.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің басшысы:

- Жыл басынан бері ұлттық валютамыз долларға қатысты 8,3%-ға әлсіреді. Әрине, теңгенің құнсыздануына сыртқы факторлардың әсері жоқ емес. Соның бірі АҚШ федералды резервтік жүйесінің мөлшерлемені өсіруі, екіншіден, Ресейге қарсы сакциялардың күшейтілуі нәтижесінде рубль долларға қатысты 15,5%-ға әлсіреді. Сонымен қатар дамушы елдер активтерін долларға ауыстырып, капиталдарын кері қайтарып ала бастады. Геосаясаттан бөлек, теңгеге әсер ететін ішкі факторлардың қатарына төлем балансын да жатқызамыз. Ол Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесі, ол инфляция деңгейі, ол бюджетті игеру қарқыны.

Екінші деңгейлі банктердің нарықтағы ахуалы да жалпы экономикаға ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық банк еліміздегі бес банкке көмектесіп, оңалту үрдістері жүргізілген.

Алпысбай Ахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Ол – жұмыс істемейтін кредиттердің көлемін төмендету, екінші – экномикаға кредитті беруді ұлғайту. Осы екі мақсат үшін бес банке Ұлттық банк көмек көрсетті. 2018 жылдың басынан бастап 865 млрд сомаға қарыз берді. Бес жылдың ішінде 421 млрд теңгеге үстем капиталды көтереміз деген міндет алып отыр.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Цеснабанкке қатысты айтар болсам, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қазір банк тиісті нормативтерді орындап отыр. Дегенмен, соңғы кездері банктен салымшылар жинақтарын кері қайтарып ала бастады. Осының кесірінен қаржы ұйымының ахуалы нашарлады, нарықтық талаптарға сай 150 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілді. Банктің акционерлері де қосымша қаржыландыру жұмыстарын жүргізді. Банкті басқаруға жаңа менеджмент тобы тағайындалды.

Алайда жыл басынан бері жолы болмаған 3 институт тың лицензиясын бас банк кері қайтарып алғаны белгілі. Бұдан былай қаржы ұйымдарына қатысты бақылау күшейтіліп, 1 қаңтардан бастап, тәуекелдерді игеруге бағытталған бақылау механизімі 4 облыста іске қосылады.

Авторлары: Индира Оразалинова, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы