366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қоқысты қайта өңдейтін зауыттар желісі пайда болмақ

  • 224
  • UPD: 23:12, 27.09.2018
Елімізде қоқысты қайта өңдейтін зауыттар желісі пайда болмақ

Испаниялық компания ұсынған «МирОлиз» технологиясы қоқыстың кез келген түрін қалдықсыз жоюға және оны газға айналдыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстан-Испания» бизнес форумында аталған жоба бойынша меморандумға қол қойылды. Отандық кәсіпкерлердің айтуынша, тың бастама Атырау, Ақтөбе және Түркістан облыстарында қолға алынып жатыр. Бүгінде Астана және Қарағанды қалаларының әкімдіктерімен келіссөздер жүргізіліп келеді. Кеңінен қолдау тауып жатса, қалған өңірлермен де келісімге қол қою көзделіп отыр. Жалпы жоба құны – 150 млн АҚШ доллары.

Әділ Өтембаев, жауапты серіктестіктің басқарма төрағасы:

- Испаниялық компания қоқыс шығарумен айналысатын жергілікті мекемелермен әріптестік орнатуға ниетті. Өйткені аталған салаға бірыңғай жүйе керек. Осылайша, отандық кәсіпорындар қоқысты бұрынғыдай полигондарға емес, қайта өңдеу зауыттарына тұрақты түрде жеткізіп отырады. Жоба стратегиясы 2050 жылға дейін жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы