366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жер қойнауын пайдалану кезінде туындайтын мәселелер талқылады

  • 141
  • UPD: 09:13, 28.09.2018
Ақтөбеде жер қойнауын пайдалану кезінде туындайтын мәселелер талқылады

Ақтөбе өңірінде барлау жұмыстарын қажет ететін кен орындары әлі де бар.

Болашақта қажетті зерттеу жүргізіп, тиімді пайдалану шараларын қарастыру керек. Ал шығарылатын мұнай көлемін арттыру үшін тағы 150 ұңғыма қажет. Ақтөбеде Парламент Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде жер қойнауын пайдалану кезінде туындайтын проблемалар талқыланды. Жиынға өңірдегі пайдалы қазбаларды өндіретін ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Облыс аумағында 4 ірі трансұлттық компания мен 340 кен орны бар. Сондай-ақ Сенат депутаттары аудандарды аралап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі. Олардың айтуынша, шаруалардың көбі жеңілдетілген несие алу кезінде түрлі қиындықтарға тап болады. Депутаттар мен шаруалар осы мәселені шешу жолдарын бірлесе талқыламақ.

Бекмырза Еламанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Өткен жылы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданды. Сол кодекстің қалай іске асып жатқанын, табиғатты қорғау шарттары қалай сақталып жатырғанын білуге жиналдық. Аудандарға шығып, ауыл шаруашылығы саласында болып жатқан мәселелермен айналысамыз. Өйткені жер туралы кодекс қабылданды. Ертең АПК туралы заң қабылданайын деп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы