365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

  • 301
  • UPD: 12:54, 28.09.2018
Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

Алматы облысында қант қызылшасын жинау науқаны басталды.

Биыл бұл дақыл былтырғыдан 2 мың гектарға ұлғайтылып, 11 мың гектар алқапқа себілген. «Ерте көктемнен басталған еселі еңбектің нәтижесін көретін уақыт келді. Сондықтан өнімді тезірек жинап алуға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», – дейді жетісулық егіншілер. Қант қызылшасын Ақсу мен Көксу қант зауыттары қабылдайды. Екі кәсіпорын да жаңа маусымға жан-жақты дайындықпен келіп отыр. Бүгінде тәтті түбірдің алғашқы тонналары олардың қабылдау пункттеріне түсе бастады. Биыл облыс бойынша 400 мың тоннадан астам өнім жиналады деген болжам бар. Одан алынатын таза қант шамамен 40 мың тоннадан асады.

Алтынбек Абатов, Көксу қант зауытының директоры:

– Кешегі күнге 470 шаруашылықпен келіскен болсақ, бүгін-ертең 500-510 шаруашылық бар. Оларға тоннасына 8 мың теңге төлейміз, 10 мың теңге Үкіметтен алады. Сонда тоннасы – 18 мың теңге.

Хабар 24 телеарнасы