366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венада қазақстандық және австриялық ірі кәсіпкерлердің кезекті форумы өтті

  • 157
  • UPD: 08:14, 30.09.2018

Венада өткен қазақстандық және австриялық ірі кәсіпкерлердің кезекті форумына жүзге жуық компания өкілдері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қос мемлекет арасындағы алым-сатым көлемін ұлғайту мәселесін қарастырды. Австриялық тарап елімізде қолға алынған тың жобаларға қолдау білдіруге ниетті. Оларды Қазақстанның мұнай-гез секторы, көлік құрастыру мен логистика саласы қызықтырып отыр. Ал біздің кәсіпкерлер олардан тәжірибе алуға мүдделі. Өйткені қазір Австрияда цифрландыру мен энергетика саласы және аграрлық сектор жақсы дамыған.

Мейрам Пішембаев, Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесінің тең төрағасы:

– Қазақстан-Австрия бизнес форумын жыл сайын өткіземіз. Австрия тарапынан біздің елдегі жаңа жобаларға деген қызығушылық артып келеді. Олар тың бастамаларға инвестиция құйып, біздің елдің кәсіпкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын.

Рихард Шенц, Австрия экономикалық палатасының вице-президенті:

– Қазақстан – тұрақты дамып келе жатқан мемлекет. Ол жерде әсіресе, инвесторлардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан біз қазақстандық әріптестерімізбен тығыз байланыста болғымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы