360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа отын түрін шығарды

  • 93
  • UPD: 07:54, 02.10.2018
Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа отын түрін шығарды

Толықтай қайта жаңғыртудан өткен Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа отын түрін шығарды.

«РТ» маркалы авиациялық отын өндіру жүйесі қазан айынан бастап өндіріске қойылды. Құжаттамадан өткізіліп, сертификат алған жаңа отын түрін азаматтық және әскери авиакомпаниялар пайдаланатын болады. Бұл түсті мұнайды терең өңдеуді жетілдірудің арқасында мүмкін болып отыр. Жыл аяғына дейін зауыт 21 мың тонна авиаотын өндірмек. Ал 2019 жылдан бастап өнім көлемі он есеге ұлғайып, жылына 230 мың тоннаға жететін болады.

Хабар 24 телеарнасы