360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕАЭО елдеріне бірыңғай мұнай нарығы не береді?

  • 112
ЕАЭО елдеріне бірыңғай мұнай нарығы не береді?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер бірыңғай энергетикалық нарық құру мәселесін күн тәртібінен шығарған емес.

Мәселен, министрлер деңгейінде газ тасымалдау бойынша ортақ тариф енгізу бағдарламасы қарастырылып жатыр. Бүгінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының өкілдері Астанада басталған Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысына қатысып, елдер бестігінің жоспарын бірауыздан құптап отыр. Олардың айтуынша, мемлекеттер қуат көздерін саудалау арқылы тың технология игеруге мүмкіндік алады. Айта кетейік, бүгінде одақтас елдердің жер қойнауындағы пайдалы қазбалар қоры бірнеше ондаған жылдарға жетеді. Табиғи газды мысалға алсақ, оның әлемдік қорының 1/5 үлесі және мұнайдың 7-ден астам проценті бірлестік мемлекеттеріне тиесілі. Және аталған жерасты байлығы көбіне Қазақстан мен Ресей аумақтарында шоғырланған.

Виктор Бадакер, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының энергетика сұрақтары жөніндегі өңірлік кеңесшісі:

– ЕАЭО-ға мүше елдердің ортақ мұнай нарығын қалыптастыру бірінші кезекте технология алмасуға таптырмас мүмкіндік береді. Біз осы салаға қатысты өзге де сұрақтардың БҰҰ алаңында талқыланғанын қалаймыз. Техникалық жәрдемдесуге де қуана келісеміз. Ұйымға мүше елдердің мүдделерін ескереміз.

Хабар 24 телеарнасы