360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік мұнай бағасына қатысты сарапшылар болжам жасады

  • 157
  • UPD: 09:50, 02.10.2018
Әлемдік мұнай бағасына қатысты сарапшылар болжам жасады

Қара алтын құны қалай аспандаса да, Ресей оған еш алаңсыз.

Керісінше, бұл жағдай мұнай өндіруші елге табыс әкелері сөзсіз. Ал сарапшылардың болжамы көңіл көншітерлік. Қараша айында шикізат бағасы шарықтау шегіне жетіп, бір баррель үшін 90 АҚШ долларын межелейді, кейін сәл арзандауы мүмкін. «Бірақ бұл өзгеріс Ресей экономикасына пайда әкелмесе, еш кесірін тигізе алмайды» деген пікірде сарапшы Тимур Нигматуллин.

Тимур Нигматуллин, «Открытие брокер» компаниясының қаржы сарапшысы:

– ОПЕК құрамына кіретін елдер мұнай өндіруді бәсеңдетіп жатыр. Бұл бірінші кезекте АҚШ санкциялары мен басқа да саяси себептерге байланысты. Естеріңізде болса, АҚШ Венесуэлаға қарсы санкциялар енгізген болатын. Иран да мұнайды аз мөлшерде өндіре бастады. Ал бұл өз кезеңінде сұраныс пен ұсынысқа әсерін тигізбей қоймайды. Нарықта шикізат тапшылығы қара алтын құнының қымбаттауына әкеледі. Алдымен баға өсімі тоқтап, кейін құлдырауы мүмкін. Бұл құбылыс Иранға қарсы санкциялар айқындалғаннан кейін, яғни қараша айында байқалады деп болжап отырмыз. Алдағы уақытта мұнай бағасы шамамен барреліне 75 АҚШ долларында қалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы