365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның 11 өңірінде дәрі-дәрмекке бөлінген қаржы игерілмеген

  • 163
  • UPD: 14:56, 02.10.2018
Қазақстанның 11 өңірінде дәрі-дәрмекке бөлінген қаржы игерілмеген

2016-2017 жылдары дәрі-дәрмек үшін бөлінген қаражаттың 4,3 миллиард теңгесі игерілмеген.

Мұндай деректі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті. Мақсатына қарай жұмсалмаған қаржы еліміздің 11 өңірінде анықталып отыр. Бұған ең алдымен дәрі сатып алудағы жоспардың нақты болмауы себеп. Сондықтан 2019 жылдан бастап дәрі-дәрмек бағасын реттеудің жаңа жүйесі әзірленеді. «Ал 2020 жылға қарай азаматтарды дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі электронды нұсқаға өтеді», – дейді министр.

Хабар 24 телеарнасы