360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында кейбір азық-түлік тауарының бағасы төмендеген

  • 133
Қызылорда облысында кейбір азық-түлік тауарының бағасы төмендеген

Қызылорда облысында әлеуметтік маңызды азық-түліктің 5 түрі бойынша бағаның төмендеуі байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші сортты ұн, қарақұмық, күріш және картоп пен пияздың құны сәл арзандаған. Жалпы өңірдегі тұрақтандыру қорына 3 мың тоннадай азық-түлік әкелінген. Облыс орталығындағы 15 және аудандарда орналасқан 6 әлеуметтік дүкенде, жыл басынан бері 1 мың 788 тонна дәнді және бақша дақылдары сатылған. Азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 15-20 процентке төмен саудаланатын тағы 16 әлеуметтік базар ашылуы үшін жер телімдері берілді. Осы ретте өңірлік тұрақтандыру қоры қосымша 700 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтырылады.

Маржан Өмірбаева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Негізінен тұрақтандыру қорына күнбағыс майы мен қантты мол көлемде алуды жоспарлап отырмыз. Азық-түлік бағасының шарықтауына жол бермес үшін жыл басынан бері 39 жәрмеңке өткізіп, 2 мың тоннадай агротауарлар сатылды.

Хабар 24 телеарнасы