366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай компаниясы Қазақстанда трактор құрастыратын зауыт салмақ

  • 166
  • UPD: 23:36, 02.10.2018

Қытайлық YTO Group Corporation Қазақстанда трактор құрастыратын зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылшаруашылығы техникасын өндіретін кластер Қостанай облысында шоғырланады.

Қазақстан тарапы бүгінде қытайлық серіктестерімен тиісті келіссөз жүргізіп қойды. Біздің елде өндірілетін тракторлардың алғашқы легі нарыққа келер жылы шығуы тиіс.

YTO – Қытайдағы ауылшаруашылығы мен құрылыс техникасын өндіретін ең ірі компаниялардың бірі. Нарықтағы бәсекеде басымдығын дәлелдеген бренд. Қытайлық инвесторлар қазақ жеріндегі бірлескен жобаға 30 миллион доллар салғалы отыр. Бұл қаржы трактор құрастыратын болашақ зауыттың құрал-жабдығын жарақтауға жұмсалады.

Чжувэй Цзян, «YTO Group Corporation» басқарма төрағасы:

- Қазақстан қазір инвестиция тартуға барлық жағдай жасап отыр. Бұл жобаның табысты әрі тиімді болатынына сенімдімін. Өйткені ауылшаруашылығы техникасын сататын ауқымы кең нарық көріп отырмыз. Бұл бізге үлкен мүмкіндік береді. Өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріне шығарамыз.

Осыған дейін YTO компаниясы Қазақстанда дистрибуция жасаған. Яғни біздің елде өз өкілдігін ашып ауылшаруашылығы техникаларын сатып көрді. Бұл жұмыстың нәтижесі қытайлық тракторларға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Бұдан соң компания техниканы Қазақстанда құрастырған тиімді деп шешті.

Андрей Лаврентьев, «Агромашхолдинг Қазақстан» директорлар кеңесінің мүшесі:

Менің ойымша, бұл ауқымды жоба. Әңгіме тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ жайында болып отыр. Яғни, біздің қытайлық серіктестер басқа нарыққа да қызығушылық танытты. Сондықтан жоба Қазақстанның қажеттілігін ғана қамтамасыз етпейді, оның аумағынан басқа нарыққа да шығарылмақ. Мемлекет басшысы осы жайында жиі айтады,Үкімет те бізге осындай міндеттер қояды.

Нұрбек Бекен, Twitter @NurBekenov:

- Жаңа зауыт болашақта Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 51 инвестициялық жобасының тізіміне енгізіледі. Оған «Бір белдеу – бір жол» және «Нұрлы жол» қорлары қолдау жасап тұрады. Кәсіпорын Қостанай өңірінде жаңа жұмыс орындарын ашып, еліміздің экспорттық әлеуеттін артырады.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы