366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің мұнай-газ секторында соңғы он жылда болмаған оң өзгерістер болды

  • 189
  • UPD: 22:19, 02.10.2018
Еліміздің мұнай-газ секторында соңғы он жылда болмаған оң өзгерістер болды

Жыл басында күшіне енген Салық Кодексі мен Жер қойнауын пайдалануға қатысты заң энергетика саласына инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, мұнай-газ секторында соңғы он жылда болмаған оң өзгерістер болды. Бүгін бұл құжаттардың маңыздылығын Энергетика министрі Қанат Бозымбаев атап өтті. Министр «мұнай өнімдері бойынша 2025 жылға дейін Кедендік одақ аясында бірыңғай нарық құру жоспарланып отыр», - дейді. Бірақ бұған қажет келісімшарттарды дайындауда кей тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Кей келіспеушілік Беларусь пен Ресей арасында бар. Сондықтан олар қазір бұл мәселені екіжақты талқылап шешуде. Біз де өз ұсыныстарымызды енгіздік. Жалпы қазір талқылап жатырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы