365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда еліміздің жаңа инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

  • 188
  • UPD: 17:30, 03.10.2018

Қазақстанның тез дамып келе жатқан экономикалық секторларының болашағы да талқыланды.

Елдің инвестициялық климатындағы оң өзгерістер, яғни салықтық және қаржылық жеңілдіктер форумның басты тақырыбына айналды. Ағылшын құқығы нормалары негізінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы да назардан тыс қалмады.

Жаһандық форумға еліміздің мемлекеттік сектор мен бизнес өкілдерін Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастап келді. Ол әріптестерімен бірге британиялық инвесторларды Қазақстанға шақырды. Кәсіпкерлердің экономикамызды әртараптандырып, жаһандық жүйемен интеграциялануға қажет технологиялар мен бизнес жүргізудің тың тәсілдерін әкелетіндігіне сенім білдірді.

Арыстан Қабыкенов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

- Британиялық компанияларға еліміздегі мол мүмкіндіктер мен Қазақстанға қаржы құюдың тиімді тұстары айтылды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар да кеңінен сөз болды.

Сапарбек Тұяқбаев, Kazakh Invest ҰҚ АҚ басқарма төрағасы:

- Қазір британиялық бизнес Қазақстанды басқа қырынан қабылдайды. Біріншіден, Doing business сараптамасына сәйкес аймақта біздің рейтингіміз өте жоғары. Оның үстіне Қазақстан арқылы Қытай, Орталық Азия, Ресей сынды ірі нарықтарға жол ашылады.

Форумға өңдеу, ауылшаруашылық, химия, тау-кен өнеркәсібі және қаржы секторы, сондай-ақ металлургия, баламалы энергетика, логистика және цифрлық технологияларға қатысы бар компания басшылары қатысып, күн тәртібіне ерекше қызығушылық танытты.

Баронесса Эмма Николсон, Ұлыбритания премьер-министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі:

- Әлем қазір Қазақстан туралы бұрынғыдан да жақсы біледі. Өйткені бүгінде елді танытуға бағытталған керемет жарнамалар жүріп жатыр. Кең көлемді инвестициялық мүмкіндіктер бизнесмендерді қызықтырмай қоймайды, әрине.

Джон Кэмпбелл, Aberdeen Standard Investments компаниясының жаһандық жетекшісі:

- Бізді әсіресе Қазақстан үшін маңызы зор «Бір белбеу, бір жол» бастамасы ерекше қызықтырады. Бұл стратегияның қандай нәтиже беретінін білгіміз келеді. Сондықтан қазақ еліндегі жобаларға ивестиция құюға әзірміз.  

Форум қатысушыларымен кездесу үшін Принц Эндрю, герцог Йоркскийдің арнайы келді. Ол Ұлыбритания ханшайымы Елизавета ІІ-нің үшінші баласы. Біріккен Корольдік – Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. Тәуелсіздік жылдары Британия Қазақстанға 13 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды. Әлеуеті зор инвесторлар бұл сома ұлғаяды деп отыр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы