365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-АҚШ: Экономикалық ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді

  • 194
  • UPD: 17:14, 03.10.2018
Қазақстан-АҚШ: Экономикалық ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді

Қазақстан АҚШ-пен экономикалық серіктестігін ұлғайтып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертең Нью-Йоркте екі ел арасындағы ірі инвестициялық форум жұмысын бастайды. Оған Үкімет, «Самрұқ-Қазына» қоры және Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысады.

Сондай-ақ таяуда Қазақстан Сыртқы істер министрі және Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы АҚШ-тың іскер қауымымен бас қосты. Кездесуге мұнай өндіруші, фармацевтикалық, ауылшаруашылық салалары мен машина жасау компанияларының басшылары қатысқан болатын. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп арасында қол жеткізілген келісімдер негізінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Тікелей әуеқатынас орнату үшін қос ел азаматтық авиация саласында келісімге қол қоюды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы