366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңа авиаотын түрі шығарыла бастады

  • 175
  • UPD: 13:40, 04.10.2018

Атырау мұнай өңдеу зауытында РТ маркалы авиациялық отын шығарыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өнім бұрын өндіріліп келген ТС-1 маркалы бензиннің орнын басады. «Жаңа авиациялық отын өзінің сапасы жағынан техникалық талаптарға толықтай сәйкес келеді», - дейді мамандар.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты шығарған РТ авиаотыны тұтынушыларға жөнелтіле бастады. Осылайша кәсіпорын бұрынғы ескі өнімді  сапалы отынмен алмастырды.

Ибраим Қайырлиев, «Атырау МӨЗ» технологы:

- РТ отыны мұнайды гидрологиялық жолмен тазарту негізінде алынады. Дайындау процесі барысында одан күкірт, азот және оттегі айырылады. Тазаланған отын ұшақ бөлшектерінің тозуына мүмкіндік бермейді

Бұл алдымен отынның сапасын бұзбай, оның ондаған жылдар сақталуына ықпал етеді. Меркаптан, күкірт секілді металды корозиялық тоздыруға душар ететін химиялық қоспалардан арылған отын ұшақ моторларының пайдалану мерзімін де ұзартады екен. Яғни, экологиялық тұрғыдан таза, техникалық жағынан тиімді отын.

Әділет Шошаңбасов, «Атырау МӨЗ» бөлім басшысы:

- Әуе керосині, әуе қозғалытқыштарына арналған көмірсутекті отын. Негізгі ол ұшақтарда, соның ішінде әскери ұшақтарда қолданылады. Сонымен қатар осының негізінде ғарыш кемелеріне де қолданылады.

Бүгінде РТ маркалы сапалы авиаотын құжаттаудан өтіп, сертификатқа ие болды. Жаңа отынды азаматтық және әскери авиакомпаниялар алатын болады. Бұл зауытта түсті мұнайды терең өңдеуді жетілдірудің арқасында мүмкін болып отыр. Жыл аяғына дейін зауыт 21 мың тонна авиаотын өндірмек. Ал 2019 жылдан бастап өнім көлемі он есеге ұлғайып, жылына 230 мың тоннаға жететін болады. Сол кезде сырттан тасымалданатын импорттық өнім көлемі азаяды.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы