360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

М.Жақыпов Тунистегі Total бөлімшесінің бас директоры болды

  • 247
  • UPD: 23:13, 03.10.2018
М.Жақыпов Тунистегі Total бөлімшесінің бас директоры болды

Total мұнай газ компаниясының Тунистегі бөлімінің бас директоры болып 36 жастағы қазақ Мансұр Жақыпов тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – 69 жылда алғаш рет осы елдегі Total компаниясының басшысы болып өзге елдің азаматының тағайындалуы.

Айта кеткен жөн, Францияның жоғарғы оқу орынында білім алған Жакупов бұған дейін Total-дің Парижедгі штаб-пәтерінде және Габон, Нигер, Ангола секілді елдерде жетекші қызметтерде болған. Ал француздық Total компаниясы әлемде мұнайды өндіру бойынша Royal Dutch Shell, British Petroleum және ExxonMobil компаниясынан кейін төртінші орынды иеленеді.

Хабар 24 телеарнасы