365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз Қырғызстанға бір реттік қолданыстағы медициналық құралдар сату туралы келісті

  • 158
  • UPD: 08:12, 04.10.2018

Қазақстан сыртқы сауда палатасы мен Қырғызстан сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп, Іскерлік кеңес құру меморандумына қол қойды.

Кеңестің алғашқы мәжілісі Бішкек қаласында өтті. Нәтижесінде жүздеген миллион теңге мөлшеріндегі келісім-шарттар жасалды.

Катетерлер, шприцтер, дәрі тамызғыштар - бір реттік пайдаланатын мұндай қазақстандық бұйымдар Қырғызстан нарығында үлкен сұранысқа ие. Алайда арада келісім жасасуға біраз уақыт кетті. Жергілікті компаниялар нарықта бар бүкіл бұйымды, олардың арасында көптеген шетелдік өндірушілерді де мұқият зерттеген. Талдау бағасы мен сапасының арасалмағы бойынша қазақстандық компаниялар бәрінен асып түскенін көрсетті.

Алина Акунова, сатып алушы компанияның директоры:

- Олардың мүмкіндіктері мен өзіміздің қажеттіліктерімізді зерттедік. Нәтижесінде осы компания шығаратын бұйымдар тиімділігі, қауіпсіздігі, сапасы бойынша талаптарымызға сай келеді деген қорытындыға келдік. Сондай-ақ кәсіпорын бізге жақын орналасқандықтан, логистикасы да қолайлы. 

Ал мұндай келісім-шарт жасасуға Қырғызстанның оңтүстігінде жуырда өткен медициналық құрал-сайман көрмесі негіз болған. Қазақстандық компаниялар онда жергілікті тұтынушыларға өнімдерінің түр-түрін ұсынған болатын. Енді міне Бішкектегі өткен форумда бірретік медициналық бұйымдар сатып алу келісіміне қол қойылды.

Бағлан Баккулова, медициналық бұйымдар өндіруші компанияның директоры:

- Біз өзіміз шығаратын өнімді сатамыз, оны Қазақстан аумағында тіркедік. Бұл катетерлер, асқазан зондтары, эскоптар мен өзге де бұйымдар. Қырғызстан ауруханаларына қажет бірретік құралдар.

Сонымен қатар көпіршіктелген каучуктан жасалған жылу сақтайтын материалды Қазақстаннан жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Қырғызстандық тұтынушыға осы бұйымды өндірудің заманауи технологиясы мен жылу сақтау сапасы ұнап, 100 миллион теңгеге тапсырыс берген.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы