365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жер қойнауын пайдалану туралы заң пайдалы қазбаның барлық түріне қатысты қолданылады

  • 188
  • UPD: 12:21, 04.10.2018

Биыл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң күшіне енді. Ол тек электр тасымалдағыштарға ғана емес, барлық пайдалы қазбаға қатысты.

Негізгі шикізат бағасының өсуіне байланысты геологиялық барлауға деген қызығушылық артып отыр. Ол үшін кодекспен барлық жағдай қарастырылған, толығымен халықаралық стандарттарға көштік, пайдалы қазбаларды есептеуде де, басқа процестерге қатысты да. Мұның барлығы кендерге деген қолжетімділікті жеңілдетеді. Сондықтан инвесторлар үшін бұл қызықты болып отыр.

Еліміз Қырғызстанмен ынтымақты арттырады

Қазақстан мен Қырғызстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 750 млн доллардан асты. Қазақстан экспортында өсімдік өнімдері, астық, ұн және кондитерлік өнімдер, металл бұйымдары, көмір мен тұрмыстық техника басым. Ал, айыр қалпақты ағайындар ауыл шаруашылығы өнімдерін, жеміс-жидектер мен көкөністер, мақта-мата бұйымдарын жеткізеді. Бауырлас ел болашақта тауар айналымын жылына 1 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Қос мемлекет су-энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникациялар, тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі және туризм салаларындағы байланысты арттыра түпсек. 

Соңғы 13 жылда елімізге 217 млрд доллардан астам инвестицияланды

Соңғы 13 жылда  инвесторлар Қазақстанға 217 млрд доллардан астам қаражат инвестициялаған. Бұл жөнінде инвестициялар және даму вице-министрі мәлім етті. Тимур Тоқтабаевтың айтуынша, еліміз инвестициялар көлемін одан әрі де көбейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, логистика саласындағы табыс ұлғаяды деген болжам бар. Сарапшылар  2020 жылға қарай Қазақстанның транзиттік әлеуеті 2 млн контейнерлік тасымалға дейін артуы мүмкін деп отыр. 

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 690 теңгеге жетті

Қыркүйекте ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 690 теңгені құрады. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлайды. Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі өткен айда 1,6 пайызға төмендеді. Ал былтырғы жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 12,1 пайызға жоғарылады. Оның ішінде ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 18,6 пайыз, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,3 пайыз жемістер мен көкөністерге - 13,3 процент  нан және жарма өнімдеріне 6,8 пайыз, қант, шәй және дәмдеуіштерге 2 пайыз болды.

Елімізде 18 млн тонна астық жиналды

Қазақстанда 18 млн тонна астық жиналды. Бүгінге дейін ауылшаруашылық өндірушілері 13 млн  гектардан астық жинаған. Орташа өнімділік гектарына 13,5 центнерді құрады. Биыл егіс науқанында 15 млн 122 мың гектарға егін егілген. Мәселен, Қостанай облысында 4 млн 400 мың тонна астық дақылдары қамбаға құйылды. Өңірде егіс науқаны аяқталуға жақын. Ал, солтүстік аймақтар ораққа кеш кірісті. Себебі, күн райының қолайсыздығы шаруаларды тығырыққа тіреді.

Астана медициналық сақтандыру төлемі бойынша озып тұр 

Астана қаласының жұмыс берушілері 1 млрд теңгеден астам жарна аударған. Еліміз бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 105 млрд теңге түскен. Қаржының  92 пайызы  жұмыс берушілерге тиесілі. Жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер Қорға 8,6 млрд теңге аударған. Міндетті медициналық сақтандырудың жинақталған қаржысы Ұлттық банкте сақталады. 2020 жылдан бастап  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Айта кетейік, жыл басынан бері Қордың Астана қаласы бойынша филиалы медициналық мекемелерге тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін 60 млрд теңге төледі. Елордада 115 медициналық мекеме мен жалпы құны 84 млрд теңгені құрайтын келісімшарт жасалған.

Валюта бағамы

Төл теңгеміз әлсіреді. Ұлттық валюта бағамы Қазақстан қор биржасында 364 теңге 14 тиынды құрады. Ал ақша айырбастау бекеттерінде АҚШ валютасы 368 теңгеге саудаланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы