366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау: Келер жылы ШОБ салықтан босатылады

  • 121
  • UPD: 15:39, 05.10.2018

Келер жылдан бастап, еліміздегі кәсіпкерлер салықтан босатылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі халыққа жолдауы кезінде осыны да айтты.

Мемлекет басшысы салыққа уақытша мараторий жариялау шағын және орта бизнестің тынысын кеңейтіп, тамырына қан жүгіртеді деді. Одан бөлек отандық тауар экспортына да жіті мән беру керек. Ол үшін өз өнімдерін сыртқа тасымалдап жүрген кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу тиіс. Сондықтан Президент осы саланы ілгерілету үшін ел үкіметіне жыл сайын республикалық бюджеттен 500 млрд теңге бөлуді тапсырды. Ал, Ұлттық банк қаржы ұйымдарын қаржыландырып, кәсіпкерлердің ісін дөңгелетуге демеу болады.

Одан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев антимонополиялық ұйымдардың қызметін қадағалау керектігін айтты. Мемлекет қазынасынан бөлінген қаражат толық игерілу керек. Жұмыстың барлығы ашық жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ Президент жауаптыларға көлеңкелі экономикамен күресті күшейту керектігін тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы