360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Президенті: Үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруді тапсырамын

  • 105
  • UPD: 15:11, 06.10.2018
ҚР Президенті: Үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруді тапсырамын

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында еңбекші табысын арттыруға ерекше тоқталды.

Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға болатындығы туралы айтқан Елбасының сөзінен үзінді ұсынайық.

«Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан халқына Жолдауы

Хабар 24 телеарнасы