360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент Жолдауда «Астана» ХҚО қызметіне ерекше тоқталды

  • 171
  • UPD: 18:17, 06.10.2018

Елбасы өз Жолдауында «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, бизнесті шетел инвестициясымен, капиталға қолжетімділікпен қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқару керектігін алға тартты. Осы мақсатта бүгін халықаралық қаржы орталығында Инвесторлар күні өтті. Яғни Ұлыбритания, Франция, Италия және Австралиядан келген мамандарға орталықтың мүмкіндіктері таныстырылды. Отандық қаржы нарығына қатысты ақпараттық сессиялар, семинарлар және дәрістер ұйымдастырылды. Айта кету керек, «Астана» халықаралық қаржы орталығында осындай форматтағы басқосу алғаш рет өткізіліп тұр.

Ернұр Рысмағамбетов, АХҚО әкімшілігі басқармасының мүшесі:

– Астанадағы қаржы орталығының талаптары Гонконг, Лондон, Дубайдағы орталықтармен ұқсас. Яғни барынша қарапайым ережелерге негізделген. Соның арқасында бізге келген инвестор қалай жұмыс жасау керектігін бірден түсінеді.

Хабар 24 телеарнасы