365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраулық шаруалардың Жолдаудан үміті зор

  • 151
  • UPD: 18:17, 06.10.2018

Доссорлық кәсіпкер Наурыз Төлеуовтің бизнеске бет бұрғанына 30 жылға таяпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастапқыда дүкен ұстап саудадан басталған бизнес бүгінде өркендеп сан-салалы кәсіпорынға айналды. Оның ішінде заманауи технологиямен жабдықталған жылыжай шаруашылығы да бар. Әзірге аумағы 200 шаршы метр жылыжайда қияр, қызанақтан өзге құлпынай да жақсы өнім беріпті. Елбасымыздың биылғы Жолдауында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту, шағын және орта бизнесті дамытуға 30 миллиард теңге қаржы бөлу туралы айтқаны іскер азаматтың алдынан кәсіптің жаңа көкжиегін ашқандай болды. 

Бағытжан Төлеуов, шаруа:

– Жылыжайымызды бірнеше гектарға өсіруге болады. Алма егіп, алға қарай өркендету жоспарымызда бар. Елбасының бүгінгі Жолдауында кәсіпкерлерді қолдау қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы