366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкіметке ауыл шаруашылығы экспортын 2022 жылға дейін 2,5 есеге көбейту міндеті жүктелді

  • 102
  • UPD: 21:25, 06.10.2018

Қазақстанда халықтың сұранысындағы қарапайым заттарды шығаратын кәсіпорындарға Үкімет тарапынан қолдауды күшейту қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін өте маңызды. Осы бағытқа ерекше мән берген Елбасы өзінің Жолдауында Үкіметке бірнеше нақты міндет жүктеді. Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Болашағы бар тиімді жобаларға несиені жеңілдету үшін Ұлттық банкке қосымша 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сондай-ақ қайта өңделген ауыл шаруашылығы экспортын 2022 жылға дейін 2,5 есеге көбейту міндетін жүктеді.

Хабар 24 телеарнасы