360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық кәсіпкерлер: Жолдау іскер жандар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

  • 136
  • UPD: 21:41, 06.10.2018

Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Шағын және орта бизнестің өрістеуіне даңғыл жол ашқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан аталған бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек», – деген болатын.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлініп отырмақ. Осы арқылы 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орны ашылып, қазынаға 224 миллиард теңге көлемінде салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік туатынын Президент атап өтті. Сонымен қатар бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау күшейіп, салық заңнамасына бірқатар өзгеріс енгізілмек. «Осылардың барлығы сайып келгенде, халықтың әл-ауқатының артуына, әсіресе, шағын және орта бизнес саласында нәпақасын тауып жүрген іскер жандарға зор серпін береді, – дейді оралдықтар.

Мәди Әбуғалиев, кәсіпкер:

– Үкіметтің қолдауымен шағын несие алып, сол несиені іске асырып жатырмыз. Елбасымыздың Жолдауын қарадық, бизнеске қолдау көрсеткен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту туралы айтты, бізге үлкен көмек болып саналады.

Даниял Танзенов, қала тұрғыны: 

– Жекелеген азаматтарға еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға мол мүмкіндіктердің бар екенін және азаматтарды қолдауға бағытталған көптеген қаржылық қолдаудың бар екенін айтқан болатын. Бұл сайып келгенде, еліміздегі эконмиканың дамуына әсерін береді деп есептейміз.

Галина Нестеренко, экономика ғылымдарының кандидаты:

– Президент атап өткендей, ең алдымен ішкі тауарлар өндірісін дамытуға басымдық беріліп отыр. Елбасы Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сондықтан біздің студенттердің оқу бағдарламасына өңдеу өнеркәсібінің экономикасы, маркетинг және өңдеу өнеркәсібінің менеджері секілді қосымша пәндер енгізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы