366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке кешенді жоспар құруды тапсырды

  • 127
  • UPD: 21:43, 06.10.2018

«Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет», – деді Елбасы халыққа Жолдауында деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, баға өсімі, қаржыландырудың қолжетімдігі және банктердің тұрақты әрі үздіксіз қызмет көрсетуі – осының барлығы көпшіліктің көкейінде жүргені жасырын емес. Халықтың әлеуетін арттыруда бұл түйткілдерден айналып өту мүмкін емес екенін Президент ашық айтты. Осы орайда Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке бірлесіп, кешенді жоспар құруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторын және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуді бастауы керек.

Хабар 24 телеарнасы