366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдаудағы жаңашылдықты диқандар қалай қабылдады?

  • 157
  • UPD: 22:26, 06.10.2018

Тәжірибелі диқандар Елбасының «әр гектарды тиімді пайдаланып, бос жатқан жерлерді игеру керек» деген тапсырмасын қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық пайдалансақ, экспорт көлемін еселеп арттыруға болады», – дейді шаруалар. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы жермен жан баққан шаруаның да жұмысына серпін әкелгелі отыр. Аграрлы ғылымды дамыту, озық технологияларды пайдалану нәтижесінде егіншіліктің өзіндік құнын төмендету, жерді тиімді игеретіндерді ынталандыру секілді жаңашылдықтар диқан қауымын ширатып, іске құлшындыра түсті.

Хабибулла Азимов, шаруа қожалығының төрағасы:

– Аграрлы сала – жаңа технологияны қажет етіп тұрған сала. Тамшылатып суару, жерасты суларын пайдалану технологияларын қолдау қажет. Жолдауда Президент осы нәрселерге айырықша тоқталды.

Әлібек Қалмырзаев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

– Мысалы, қазір бір шаруа қожалығында егін көп, бір шаруа қожалығында егін аз. Ол нені көрсетеді? Ол жерді ауылшаруашылық тауар өндірушілер жерді дұрыс пайдаланбайды. Техникалық шараларды дұрыс қолданбайды. Сондықтан әр гектардан аз аламыз. Мұны Елбасы кеше көрегендікпен өз Жолдауында айтты. Шаруа қожалықтарының басшылары жерді қалай пайдалану керектігін, ал пайдалана алмасаң, басқа пайдалана алатын адамға беру керектігін түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы