360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. Еліміз импортқа тәуелділіктен арылуы тиіс

  • 92
  • UPD: 08:09, 07.10.2018
Жолдау. Еліміз импортқа тәуелділіктен арылуы тиіс

Қашанғы шеттен тасимыз? Енді ел тұрғындары осы сауал төңірегінде толғанады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында отандық тауар өндірушілерді қолдап, олардың өнімін халықаралық нарыққа шығаруды тапсырды. Елбасы халық көп тұтынатын тауарлармен айналысудың маңыздылығын атап өтті. Бұл шағын және орта бизнесті дамытып, импорттық тәуелділіктен арылуға жол ашады. Сонымен бірге Президент «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 5 жылға ұзартып, оны жүзеге асыру үшін жылына қосымша 30 млрд теңге бөлуге пәрмен берді. Соның арқасында Қазақстанда 22 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Кеңес Мұқышев, қоғам қайраткері:

- Егер де, экономикамызды көтереміз десек, ең біріншіден өзімізден бастап, Қазақстанда шығарылатын өнімді күнделікті өмірде өздеріміз қолдануымыз керек. Оның біршама факторлары болады. Жақсы фаторлары ол біріншіден, жұмсалған ақша елімізде қалады. Екіншіден, біздің өнімізге қарасақ осы экологиялық таза. 

Cайран Хамзин, кәсіпкер:

- Мен Елбасы Жолдауында көбіне бизнестың дамуына көңіл аудардым. Өзім «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысымын. Сондықтан оның ұзаруын қуанышпен қабылдадым. Бұл өте маңызды. Кәсіпкерлер көбейсе, экономика жақсарады.

Татьяна Анцибор, мектеп директоры:

- Біз орта мектеп мұғалімдері 3-жыл қатарынан реформалау жүйесіне еніп отырмыз. Бұл білім берудің бағыт-бағдары. Сонымен қатар Президент 1 қаңтардан бастап, бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысы 35 процентке көтерілетінін айтты. Қаржылай қолдау бізге жауапкершілік жүктейді.

Хабар 24 телеарнасы