366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Я.Алиев: Н.Назарбаевтың жолдауы Қазақстан халқына ғана емес, бүкіл түркі әлеміне үндеуі деп білемін

  • 127
  • UPD: 23:25, 07.10.2018

Қазақстан әлемдегі экономикалық және саяси қиын жағдайларға қарамастан өзінің орнын нығайтып, аймақтағы жетекші елге айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай пікірді әзербайжандық сарапшы Яхъя Әлиев білдірді. Оның айтуынша, Президенттің жолдауы әрдайым елдің ішкі реформаларына күшті ықпал етуде. Қазақ елі геосаясат пен геоэкономикада көптеген жемісті халықаралық жобалардың бастаушысы болып табылады. Сарапшы сондай-ақ жолдауда әлеуметтік және экономикалық мәселелердің сыртқы саясатпен бірге көтерілуі Қазақстан басшысының мемлекетті дамытудағы жүйелі әрі терең ұстанымын көрсететінін айтады. 

Яхъя Алиев, Дүниежүзілік түркі халықтары конгрессінің президенті:

- Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы Қазақстан халқына ғана емес, бүкіл түркі әлеміне үндеуі деп білемін. Өйткені онда ішкі саясатпен бірге сыртқы саясат та кеңінен қамтылған. Қазақстанның Жамбыл өңірінде туып өскен азамат ретінде келер жылы зейнетақы көлемін ұлғайту, табысы төмен отбасылардың жағдайын жақсарту секілді жайттарды үлкен шабытпен тыңдадым. Бұл Президент Назарбаевтың қазіргі ғаламдық дағдарыстан туындаған қаржылық қиындықтарға қарамастан жаңа қорларды тауып, оларды қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсауы күш-жігері дер едім.

Хабар 24 телеарнасы