366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» ХҚО бизнесті шетелдік инвестициялармен қамтамасыз етеді

  • 135
  • UPD: 23:25, 07.10.2018

Елбасы жолдауында «Астана» халықаралық қаржы қорына айрықша көңіл бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лондондағы ірі іскерлік және қаржы орталығының сарапшылары «Астананың» қазақстандық бизнесті шетелдік инвестициялармен шынымен де қамтамасыз ете алатындығына сенеді және кез келген мәселе бойынша қолдауға әзір екендіктерін айтады. Лондондық Ситиді әлемдік қаржы империясының орталығы деп бекерден бекер атамайды. Мұнда ірі трансұлттық корпорациялардың, халықаралық банктердің, Лондон қор биржасының, инвестициялық және қаржы орталықтарының штаб-пәтерлері орналасқан. Сити өкілдері Астананың аймақтық қаржы хабы ретіндегі жарқын болашағына зор сеніммен қарайды.

Шэрри Мадера, Лондондық Ситидің Азия бойынша экономикалық дамуы жөніндегі кеңесшісі:

- Меніңше, Қазақстан – шынымен де Орталық Азиядағы ең маңызды аймақтардың бірі. Елдің даму жолы ерекше және өз ортасында бәсекелесі жоқ. Және бұл жаһандық қаржы орталығы болуды ойлаған Астана үшін үлкен мүмкіндік. Әрине, бұл салада Лондондық Ситидің тәжірибесі сәл көбірек. Менің ойымша, біз жасыл қаржы, Финтех, исламдық қаржыландыру және басқа да аспектілер бойынша әрқашан қуана көмектесе аламыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы