360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы өсуі тиіс

  • 156
  • UPD: 23:25, 07.10.2018

Мұны осы саладағы оң динамиканы бақылап отырған сарапшылар айтып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, өткен жылы екі мемлекет арасындағы сауда айналымы 4,9 миллиард долларға жетіп, 2016 жылмен салыстырған едәуір артқан. Жалпы, Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы басты сауда-экономикалық әріптесі. Қазақстан батысеуропалық елге мұнай, ферроқорытпа және түсті металдар эспорттайды. Ал Германия болса Қазақстанды көлік, ауылшаруашылық және медицина құралдары мен қатар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Неміс инвестициясы да ауқымды. Өткен жылы ол 345 миллион долларға жеткен. Германиялықтар көбіне шикізатты емес салаларды: құрылыс материалдарын өндіру, өңдеуші өнеркәсіп, химия және ауыл шаруашылық саласын қаржыландыруды қалайды. Олар сондай-ақ жоғары технология және тәжірибемен бөлісуге дайын.

Болат Нүсіпов, ҚР-ның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Әрине, екіжақты ынтымақтастықты одан ары нығайта беруіміз керек. Біз сауда айналымын 2-3 есеге арттыруымызға болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір сауда қатынасының динамикасы қарқынды. Менің ойымша, биыл жыл аяғына дейін оның деңгейі ұлғая түседі.

Кристин Шарлах, Linde компаниясының өкілі:

- Біздің инвестицияға керек басты талап – сіздің елдегі тұрақтылық. Қазақстанға 2010 жылы кірген Linde фирмасы қазірге дейін инвестиция көлемін екі есеге арттырып, алдағы уақытта да бизнесті кеңейтуді жоспарлап отыр. Біз неміс технологиясын әкеліп, өндірісті тиімді етуді көздейміз.

Хабар 24 телеарнасы