360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты

  • 179
  • UPD: 23:25, 07.10.2018

Соңғы жарты жылдың ішінде Қазақстанның еуразиялық 5 елмен сауда айналымы 11 миллион долларды құрады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оның басым бөлігі Ресей үлесінде. Ресейлік сарапшылар осымен қатар сауда айналымының көлемі ғана емес, сапасы да артып келе жатқанын айтады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауын сараптай отырып ресейлік мамандар екі ел арасындағы қарым-қатынастың эталонды деп атауының заңды екенін айтады. «Бұған қос мемлекеттің сауда айналымы дәлел», – дейді олар. Ресей – Қазақстанның сауда серіктестерінің арасындағы көшбасшысы. 2017 жылы екі елдің сауда айналымы 25,6 пайызға өсіп, 16 миллиард долларды құрады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы Ресей үлесі 20,6 пайыз.

Ярослав Лисоволик, «Валдай» халықаралық пікірталас клубының бағдарламалық директоры:

- 2018 жылдың жарты жылында екі елдің сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты. Бұл көрсеткіш тек мұнай-энергетика ресурстары есебінен ғана емес, экономиканың басқа да салаларының негізінде де дамып отыр. Мысалы, Ресейдің Қазақстанға машина құрал-жабдық экспорты 25 пайызға жеткен. Бұл қазір экспорттың басты бөлігі болып отыр.

Екі елдің арасындағы жоғары көрсеткіштерге қарамастан, сауда айналымы даму үстінде.

Григорий Трофимчук, саясаткер:

- Биыл жыл аяғына дейін екі мемлекет арасындағы сауда айналымы 18 миллиард долларға жетуі тиіс. Бұл –– үлкен көрсеткіш. Қазір бұл жетістікті Ресейдің өзге үлкен әріптестерімен салыстыруға мүлде келмейді. Онда сандар кей тұстарда тіптен төмен.

Ал ресейлік сарапшылардың болжамынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 2020 жылға қарай 24 миллиард долларға жетуі тиіс.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы