360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Президенті: Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек

  • 180
  • UPD: 23:21, 07.10.2018

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған арнайы «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізетінін жеткізді. «Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын.

Хабар 24 телеарнасы