366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Енді кәсіпкерлік жобалар әкімшілік кедергісіз жүзеге асырылады

  • 167
  • UPD: 12:18, 08.10.2018

Маңғыстаулық кәсіпкерлер Жолдауда айтылған бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау шараларын арттыру қажеттігін қуанышпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар24».

Бизнес өкілдері құзырлы мекемелер қолдауын іс жүзінде сезініп келеді. Мәселен, Ақтаудағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жалпы құны 410 млрд теңгеге бағаланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын 16 кәсіпкермен әріптестік келісімге отырды. Құжат негізінде кәсіпкерлік жобаның әкімшілік кедергісіз жүзеге асуы бақылауға алынады. Қиындықтар туындаса, заң жүзінде шешілуіне септігін тигізеді. Айта кетейік, өкілетті органмен әріптес болуға ниетті азаматтың өтініші фронт-кеңседе қабылданады. 

Альберт Битнер, жеке кәсіпкер:

– Елбасы Жолдауында бизнесті қорғауға басымдық берілген. Нәтижесінде, өкілетті органдардың қолдауын іс жүзінде көріп отырмыз. Ақтауда ашылған фронт-кеңсе жөнінде аймақтық бизнес-форумда естідім. Дереу хабарласып, Агенттік департаментімен әріптестік келісімге отырдым. Нәтижесінде, жиһаз шығаратын фабрикаға газ құбырын тарту және көшеге жарнама баннерін орнатуға қатысты мәселелерім тез арада шешілді.

Хабар 24 телеарнасы