366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бизнестің жол картасы - 2020. Ақтөбе облысында 400-ге жуық жоба қолдау тапты

  • 112
Бизнестің жол картасы - 2020. Ақтөбе облысында 400-ге жуық жоба қолдау тапты

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске қосылғалы Ақтөбе облысында 1500 кәсіпкерге 24 млрд теңгеге қаржылай қолдау көрсетілген, деп хабарлайды «Хабар24».

Шағын және орта бизнес саласында 7 жыл ішінде 9 мың жұмыс орны ашылған. Тек былтырдың өзінде бұл бағдарлама аясында 400-ге жуық жоба қолдау тапты. Екінші деңгейлі банктердің салаға бөлген несие көлемі 58 пайызға артқан. 2015 жылдан бастап, өңірде дәстүрлі емес шаруашылықты дамытуға ден қойылды. 21 шаруа қожалығы асылтұқымды ешкі басын көбейтсе, 15 омарташы бал дайындайды. Қаз-үйрек пен күркетауық өсіретін 80 шаруашылық бар. Елбасы биылғы Жолдауында осы бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзартуға тапсырма берген еді. Ақтөбелік кәсіпкерлер бұл жаңалықты қуана қабылдады.

Людмила Покотило, медициналық орталықтың басшысы:

– «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының көмегімен субсидия алған болатынбыз. Бұл бағдарламаның тағы 5 жылға ұзартылғаны бізді қуантып отыр. Бұл аралықта тағы да тың идеяларды іске асырып, тиімді жобаларды қолға алар едік. Медициналық жабдықтар өте қымбат тұрады. Мемлекет қолдауынсыз оны сатып алу қиын.

Хабар 24 телеарнасы