360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында зығырды терең өңдейтін зауыт ашылуы мүмкін

  • 144
  • UPD: 12:22, 08.10.2018

Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қазақстан деген ауыл бар. Міне, сол елді мекеннің жанынан егін сеуіп отырған шаруашылық 3 мың гектар жерді биыл тыңнан игеріп, мол өнімге кенеліп отыр, деп хабарлайды «Хабар24».

Облыс бойынша қазір орташа өнімділік 12 центнерден сәл ғана жоғары болса, аталған серіктестікте бидайдың бір гектарынан 26 центнерден астық жиналған. Елбасының биылғы Жолдауында да осы мәселе баса айтылған еді.

«Бұл шаруашылықтың бір ерекшелігі, мұнда жерді жыртпай, дән сепкен. Оның үстіне топырағын сондай бір құнарлы деп айтпайсың. Қара топырақ емес. Тіпті, мынадай тастар да кездеседі. Дегенмен мына зығырдан қазір шаруалар гектарына 16 центнерден өнім жинап жатыр».

Дәл осындай әдіспен шаруашылық биыл бидай, 800 гектар арпа мен 1 мың гектар зығыр сеуіпті. «Бұл жұмыс күші мен жанармайға үнемді», – дейді диқандар. Сондай-ақ астықты жинау барысында тиімді әрі үнемді әдістер пайданылады. 

Шаруалар бидайды да дер кезінде жинап алған. «Өнімділігі өте жоғары болған астықтың сапасы да жақсы», – дейді серіктестік басшылығы. Балауыздың көрсеткіші 30-ға жеткен. Диқандар, жалпы қай жерге болмасын, егін себуге болатынын айтады. Мәселен, бұл шаруашылық ширек ғасырдан астам уақыт шөп басып жатқан алқапты игеріпті.

Борис Козлов, серіктестік директоры:

– Егер барлық агротехнологияны жақсылап сақтаса, кез келген жермен жұмыс істеп, кез келген дақылды өсіруге болады. Ал мемлекет ауыл шаруашылығын қолдап тұрғанда, еңбек етпеу мүмкін емес. Жанармайдан бастап, салыққа дейін субсидия беріледі. Тек жаныңды салып, жұмыс істеу керек.

Осы тұста жерді жыртпай-ақ, оны қалай баптауға болады деген сұрақ туындайды. Ол үшін жерді тіліп, жаңбыр мен қар суының жиналуына жағдай жасайды екен. Серіктестік басшысы «алдағы уақытта егістік алқабын кеңейтсем, – дейді. Алайда оған жер жетіспейді. Әйтпесе, келешекте облыс орталығынан зығырды терең өңдейтін зауыт ашу жоспары бар.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы