366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

У. Руснак: Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған

  • 170
У. Руснак: Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған

Брюссельде өткен Энергетикалық Хартия Секретариаты басылымының тұсаукесерінде осы халықаралық ұйымның бас хатшысы Урбан Руснак Қазақстан инвесторлар үшін қолайлы ел екенін атап өтті, деп хабарлайды Хабар24».

Бұл басылымда Еуропа, Азия мен Африканың 30 елін инвестициялау туралы құнды ақпарат бар. Инвестклиматты жақсартуға арналған мәлімет осы ұйымға мүше елдерге ғана емес, шетел инвесторлар үшін де пайдалы.

Урбан Руснак, Энергетикалық хартияның бас хатшысы:

– Қазақстанда жоғарғы деңгейдегі шетел инвесторларының кеңесі бар. Ол өте дұрыс. Мен бірнеше рет кеңестің отырысында болдым. Бұл Қазақстанның энергосекторға ғана емес, сондай-ақ экономиканың басқа да саласына қаржы тарта алғанын білдіреді. «Шевронмен» жасалған келісімнен кейін Қазақстан инвестициялық мүмкіндіктер тудыру үшін біраз еңбек етті.

Хабар 24 телеарнасы