366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британдық инвесторлар «Астана» қаржы орталығының дамуына үлес қоспақ

  • 165
Британдық инвесторлар «Астана» қаржы орталығының дамуына үлес қоспақ

Елбасы Жолдауында соңғы 20 жылда елге 300 миллиард доллар көлемінде тікелей шетел инвестициялары тартылғаны туралы айтылған, деп хабарлайды «Хабар24».

Бұл тұрғыда Ұлыбританияның алар орны ерекше. Тәуелсіздік жылдары Біріккен Корольдік Қазақстан экономикасына шамамен 13 миллиард доллар көлемінде қаржы құйды. Британиялық инвесторлар қызығушылықтарының шикізат секторымен ғана шектелмейтінін айтады. Енді олар жекешелендіру бағдарламасына және Астананың Еуразиялық қаржы хабы ретінде дамуына өз үлестерін қоспақ.

Кристофер Маркс, MUFG Bank, Ltd компаниясы дамушы нарықтар бойынша басқарушы директоры:

– Қазақстан Үкіметінің стратегиялық бағдарламаларында тың бастамалар көп. Соның бір бағыты – инвесторларды тарту мәселесі. Бұл салада Қазақстанның тәжірибесі мол. Оны сала өкілдері жақсы жарнамалап, игі бастамаларын паш етіп отыр. Ағылшын инвесторлары үшін бұл өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы