365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АХҚО-ға жыл соңына дейін 100 компания тіркеледі

  • 187
  • UPD: 10:31, 09.10.2018
АХҚО-ға жыл соңына дейін 100 компания тіркеледі

Жыл соңына дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығына 100 компания тіркелмек.

Ал үш жылдың ішінде оның саны 500-ге дейін жеткізілмек. Бұл мақсатқа жету үшін Сыртқы істер министрлігімен тығыз жұмыс істеу маңызды.  Сол себепті, қос құрылым жетекшілері бас қосып, қаржы орталығының жұмысын ілгерілетудің жол картасын бекітті. Бірлескен жарлыққа сәйкес, Қытай, Еуроодақ, және ТМД елдерінде сенімді серіктес табу жолдары қарастырылған.

Қайрат Абдрахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Астана қаржы орталығының даму мәселесі біз үшін стратегиялық маңызды міндет. Сондықтан Астана ел экономикасының күре тамырына айналуы үшін бәрін жасауға дайынбыз.

Қайрат Келімбетов, Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы: 

- Бүгінде біз даму сатысындамыз. Үш жылда көптеген халықаралық компанияларды тартуды көздеп отырмыз. Қазір орталықта 78 компания тіркелген. Жыл аяғына дейін оның саны 100-ге жетпек. Келер жылы бұл көрсеткішті 250-ге дейін, ал 2020-жылға дейін 500-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа қол жеткізуде сенімді әріптестік керек.

Хабар 24 телеарнасы