366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тікелей инвестициялық қор құрылады

  • 122
  • UPD: 13:53, 09.10.2018

Британиялық Independent Power Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Питер Эрл біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында Елбасы жолдауына қатысты пікірін білдірді.

Оған ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесі ерекше ұнаған. Сонымен қатар өз тиімділігін дәлелдеген «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына ықыласы ерекше.

Айта кетейік, Independent Power Corporation компаниясы әлемдегі ең ірі энергетика операторларының бірі және Қазақстанда 90-жылдардың ортасынан бастап жұмыс істеп келеді.

Питер Эрл, Independent Power Corporation корпорациясының бас атқарушы директоры:

- Меніңше, жолдау Президенттің соңғы 10 жылда жүргізіп келе жатқан саясатымен толық үндеседі. Менің айтып отырғаным – «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы. Назарбаев экономиканың белсенді өсімін ынталандыру үшін бағдарламаны 2025 жылға дейін созбақшы. Меніңше, бұл өте маңызды. Ол сондай-ақ шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажеттігін айтты. Қор серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп, инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Меніңше, бұл – өте керемет идея. Британиялық үкімет мұндай бастаманы қолдайды деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы