366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артты

  • 108
  • UPD: 18:42, 09.10.2018

«Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігі өзге елдердің экономикасына да оң ықпалын тигізуде», – дейді өзбекстандық сарапшылар.

Елбасы Жолдауына пікір білдірген ғалымдардың келтірген мәліметіне жүгінсек, бір ғана өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларынан асып жығылған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында барлық саладағы көрсеткіш 30 пайызға артқан. «Жыл соңына дейін бұл сан еселене түспек. Өйткені бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық барыс-келісті жақсартып, шекарадағы кедергілерді жойды», – дейді ғалымдар. Тиісінше көліктік логистикалық қызмет түрі де жақсарған. 2018 жылдың алғашқы екі айында теміржолмен тасымалданған жүк өткен жылмен салыстырғанда, 44 пайызға өскен. Қос тарап алдағы уақытта бірігіп, Қытай мен Орталық Азия елдеріне контейнерлік жүк тасымалдайтын бірлескен кәсіпорын құрмақ ниетте. Бұл Президент Жолдауында айтқан Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парақшасын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына жеткізуге көмектеседі, дейді сарапшылар.

Шавкат Рахматуллаев, сарапшы:

– Қазақстан Республикасының Президенті аймақтық ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Бұл өз кезегінде Орталық Азия елдерінің экономикасының серпінді дамуына негіз болады. Сонымен бірге бұл қадам Қазақстан халқының ғана емес, өзбекстандықтардың да өмір сүру деңгейінің жасқаруына ықпал етеді.

Равшан Назаров, Өзбекстан ғылым академиясының мүшесі:

– Маңызды құжатта әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөлінген. Оның ішінде білім мен денсаулық, ғылым секілді нақты тұстары бар. Атап айтқанда, алдағы бес жылда осы сектордың үлесін Қазақстан Республикасының Жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін арттыру міндеттері қойылған. Бұл Қазақстанды осы салаға ерекше мән беретін дамыған іргелі мемлекеттердің қатарынан көрінуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы